Павлодарлық полицейлер жағалауда тұрғындардың сұрақтарына жауап берді
Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні Павлодар қаласының жағалауында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында полиция департаментінен өңір тұрғындарының сұрақтарына тергеу басқармасы, көші-қон, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы және кадр саясатының қызметкерлері жауап берді.
– Өтініш білдіргендердің барлығына тиісті көмек пен кеңес берілді. Айта кету керек, азаматтармен жұмыс – полиция қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Мұндай әдістер тұрғындардың туындайтын әлеуметтік және құқықтық мәселелері мен қажеттіліктеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айбек Рақышев.
Құқық қорғау органдарының өкілдеріне жағалауда орын ұсынылды. Полиция қызметкерлері өз алаңдарын дайындап, әрбір адам ішкі істер органдарының қызметімен жақынырақ танысты.
Өңір тұрғындарын жол қозғалысы қауіпсіздігі, жұмысқа орналасу, заңнамадағы өзгерістер қызықтырды.