Павлодар облысының Ауған соғысы ардагерлеріне 250 мың теңге төлемақы беріледі

Павлодар облысының Ауған соғысы ардагерлеріне 250 мың теңге төлемақы беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде 700-ге жуық жауынгер-интернационалист тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Павлодар облысының Ауған соғысы ардагерлеріне 250 мың теңге көлемінде бір реттік төлемақы беріледі. 

– Жыл сайын берілетін 150 мың теңгелік жәрдемақыға қосымша 100 мың теңге қосылады. Бұл атаулы датаға орай ардагер жауынгер мен офицерлерге және жақындарын жоғалтқан отбасыларға жалпы 250 мың теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі, – деді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменкова. 

Оның айтуынша, мұндай төлемді мемлекет тарапынан облыс орталығының 331 интернационалист жауынгеріне және қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендердің жеті отбасына беру қарастырылған.