Референдум: Павлодар облысында тұрғындардың қанша пайызы келді?

Референдум: Павлодар облысында тұрғындардың қанша пайызы келді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ҚР ОСК азаматтардың келуі туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазан күні  сағат 16.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 57,68%-і бюллетень алды.

Көшбасшы үштікке Қызылорда облысы (76,15 %), Түркістан облысы (70,73 %), Ақтөбе облысы ( 68,41 %) кірді.

Павлодар облысында азаматтардың 58,70% дауыс берген. 

Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылған.