Ренат Құланбаев: төрт жыл ішінде Жетекші ауылындағы өмір сапасын жақсарту

Ренат Құланбаев: төрт жыл ішінде Жетекші ауылындағы өмір сапасын жақсарту
Фото: Константин Шелков

Тереңкөл өңірінің тумасы ауыл әкімі қызметіне үміткер болып отыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Құланбаев Ренат Қасанұлы Қашыр ауданының (қазіргі Тереңкөл) Жасқайрат ауылында дүниеге келген. 1994 жылы Жасқайрат негізгі жалпы білім беру мектебін аяқтағаннан кейін Қашыр ӨТМ-11-ге, ал 2003 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ жанындағы колледждің құқықтану факультетіне оқуға түсті. 2008 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша қабылданды.

Еңбек жолын Ренат Құланбаев 2007 жылы Қашыр ауданы Жасқайрат орта мектебінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып бастады. 2012 жылы Бобров ауылдық округі әкімінің аппаратында әскери есеп, әлеуметтік мәселелер және іс жүргізу жөніндегі бас маман қызметіне ауысты. 2015 жылы қайтадан Жасқайрат мектебіне оралып, директор болды.

2017–2024 жылдары Ренат Құланбаев Тереңкөл ауданы Береговой ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. Әкім болған жылдары ауыл көшелерін жарықтандыруға ерекше көңіл бөлді, қосымша екі балалар ойын алаңын орнатты, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бейнебақылау камераларын көбейту жұмыстарын жүргізді. Ауылда баннерлер мен билбордтар үнемі жаңартылып отырды.

Мемлекеттік қызметте Ренат Құланбаев 12 жыл еңбек етті. Оның ішінде Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы және Павлодар қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметтері бар.

– Әкім болып жұмыс істеген жылдардағы тәжірибем маған халықпен қарым-қатынаста көп көмектесті, әрдайым тұрғындардың мәселелері мен қажеттіліктерін шешуге тырыстым. Алдағы төрт жылдағы басты басымдықтарым – жолдардың сапасын жақсарту, көше жарығын орнату, ауылды абаттандыру мен көгалдандыру, санитарлық тазалау, – дейді кандидат.

Ренат Құланбаевтың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі міндеттер:

1. Ауылішілік жолдарды жөндеу мәселесін шешу;

2. Жастар мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасау;

3. Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын, әл-ауқатын жақсарту және ауылды тұрақты дамыту үшін қосымша қаржы көздерін табу;

4. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың мүшелерін жұмысқа орналастыру арқылы жұмыссыздықты азайту;

5. Ауылдық округтің кадрлық әлеуетін арттыру;

6. «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасымен келген жас мамандарды қолдау.

«Ертіс Медиа» ЖШС. Тапсырыс беруші – Ренат Қасанұлы Құланбаев

Ауыл әкімін сайлауды өткізуге бөлінген жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленді.