Сенбі күні Павлодар облысында өткінші жауын, бұршақ күтіледі
10 маусым күні облыстың басым бөлігінде өткінші жауын-шашын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр жауады.
Оңтүстікте, облыстың шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен соққан жел 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +13....+18, күндіз +22..+27 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай күтіледі. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +24...+26 градус көрсетеді.