Сенбіде Павлодар облысында күн ашық болады

Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 8 ақпанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз сынап бағанасы -7...-12°C, облыстың шығысында -15 °C-ты көрсетеді.
Павлодарда көшпелі бұлтты болмақ. Күндіз ауа температурасы -10...-12 °C-қа дейін төмендейді.