Сенбі күні Павлодар облысында күн ашық болады
Жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 22 сәуір күні оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 5-10 м/с құрайды.
Ауа температурасы түнде 8-10 градус салқын, күндіз 8-10 градус жылы болады.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Қара теңіз аудандарынан жылжыған кезекті циклон анықтайды, ол батыстан шығысқа қарай жылжиды, сонымен байланысты жауын – шашын (негізінен жаңбыр түрінде) жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде-найзағай мен шаңды дауыл болжанады.