Сенбі күні Павлодарда ауыл шаруашылық жәрмеңесі өтеді

Сенбі күні Павлодарда ауыл шаруашылық жәрмеңесі өтеді

Онда үш ауданның өнімдері сатылымға шығарылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы ауыл шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, жәрмеңке Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

- Павлодар қаласында 15 сәуір күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Торговая көшесі, 2А мекенжайында орналасқан Jailau базарында. Жәрмеңкеге Успен, Железин, Шарбақты сияқты ауылдық аудандардың жәңе Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады, - делінген хабарламада.

Тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары "Павлодар Құс" ЖШС, "Шарбақты Құс" ЖШС қамтамасыз етеді.

Картоп пен көкөністер Железин аудандарының, тауар өндірушілерінің көше қатарларында сондай-ақ Ақтоғай ауданы фермерлер базарының ішінде сатылатын болады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы:

Жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг

(қазы-2500 теңге/кг, жайа-2500 теңге/кг, төс еті - 2300 теңге /кг, антрекот-2300 теңге/кг),

Сиыр еті -1900-2100 теңге/кг

(жұмсақ еті -2100 теңге/кг, антрекот -1900 теңге/кг, қабырға- 1700 теңге/кг, төс еті-1900 теңге/кг),

Қой еті-1900-2100 теңге/кг

(алдыңғы бөлігі- 1900 теңге/кг, артқы бөлігі - 2100 теңге/кг),

Шикі сүт – литріне 200 теңге,

1 санаттағы жұмыртқа - 410-450 теңге/оннан бастап,

Бал - 2000 теңге/кг,

Тазартылмаған күнбағыс майы-700-780 теңге/л,

Жоғары сұрыпты ұн- 200 теңге/кг,

Картоп, сәбіз – 95 теңге/кг,

Қырыққабат - 120 теңге/кг.​