Сенбі күні Павлодарда өтетін жәрмеңкеге үш аудан өнім ұсынады

Сенбі күні Павлодарда өтетін жәрмеңкеге үш аудан өнім ұсынады
Фото ашық дереккөзден

Дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі 2 қыркүйек күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, жәрмеңкеде көкөністер, жұмыртқа, бал, сүт өнімдері және т. б. ұсынылады.

- Тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары "Павлодар Құс" ЖШС, "Шарбақты Құс" ЖШС қамтамасыз етеді. Жалпы, күнделікті негізде фермерлер етті нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатуды жалғастыруда, - делінген хабарламада.

Жәрмеңке 2 қыркүйек күні, Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында өтеді. Оған Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.

Айта кетелік, сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауылдық аудандарында ұйымдастырылады.

Фермерлер базары сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.