Жұма күні Павлодар облысында жаңбыр жауады
Өңірде жел күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, таңертең және түстен кейін облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады.
Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14, солтүстікте, батыста, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+13, күндіз +17...+22 градус ыстық болады.
Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні 9-14 м /с дейін жетеді.
Сынап бағанасы түнде +10...+12, күндіз +19...+21 градус көрсетеді.