Шідерті-Астана тас жолы жабылды

Шідерті-Астана тас жолы жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізушілерге қауіпсіздік үшін бұл жолмен жүруден бас тартуға кеңес беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасының мәліметінше, 3 ақпан күні сағат 20:30-дан бастап ауа райының нашарлауына, соның ішінде қалың тұман мен көрінудің 50 метрге дейін төмендеуіне байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» республикалық маңызы бар автожолының (200-254 шақырым) Шідерті ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Жолды 4 ақпан күні сағат 00:00-де ашу жоспарланған.