Шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде көш бастады
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші кезеңінде көш басына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық шахматшы бұл жолы үндістандық Хампи Конерумен тең ойнады. Қарсыласы бұдан бұрын Азия чемпионы атанған тәжірибелі шахматшы еді. Тең ойыннан кейін Бибісара 4,5 ұпай жинап, көш тізгінін жеке-дара қолға алды.
Одан кейінгі орында 4 ұпаймен қытайлық Чжу Цзиньэр келе жатса, үшінші орындағы ресейлік Александра Горячкина 3,5 ұпай еншілеген.
Еске салсақ, бұдан бұрын Б.Асаубаева ресейлік белгілі шахматшы Полина Шуваловадан басым түсті.