Шарбақтыда мектеп оқушысы мотоциклмен полициядан қашып, жарыс ұйымдастырды

Шарбақтыда мектеп оқушысы мотоциклмен полициядан қашып, жарыс ұйымдастырды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жасөспірім екі аяқты темір тұлпарды жүргізуші куәлігінсіз әрі шлемсіз жүргізген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шарбақты ауданында полиция қызметкерлері мотоциклді шлемсіз әрі жүргізуші куәлігінсіз басқарған оқушыны тоқтатты.

Қызығы жасөспірім тәртіп сақшыларын байқаған сәтте қашып кетуге әрекет жасаған. Тексеру барысында мотокөліктің тіркелмегені анықталды. Оның заңды өкіліне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

– Тиісті құжаттарсыз және қорғаныс құралдарынсыз мотокөлікті басқару, әсіресе жасөспірімдер үшін, үлкен қауіп төндіреді. Ата-аналар балаларына бақылауды күшейтіп, тиісті дағдылары мен рұқсаттары жоқ кезде көлік құралдарын басқаруына жол бермеуі қажет. Баланың қауіпсіздігі көп жағдайда ересектердің жауапкершілігіне байланысты, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Алмас Баймбет.

Полиция ата-аналарды балаларына бақылауды күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін үнемі ескертіп отыруға шақырды.