Павлодарда кәріз құбырынан шала туған ер баланың денесі табылды

Павлодарда кәріз құбырынан шала туған ер баланың денесі табылды
Фото: Константин Шелков

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 сәуір сағат 18:15 шамасында Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған ер баланың денесі табылды.  

– Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, – дейді департаментте.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 7 наурыз күні сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына тұрғындар хабарласып,  Бұқар жырау көшесінде үйдің ауласында орналасқан қоқыс жәшігінде нәрестенің денесі жатқанын айтқан.