Шарбақтыда түнде жүрген балалар ұсталды
Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
10-20 мамыр аралығында Павлодар вокзалында желілік полиция бөлімі «Правопорядок» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Рейдтің мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерде болуын анықтау.
11 мамыр күні сағат 23:30 шамасында Шарбақты ауылында кәмелетке толмаған екі бала ұсталды.Олар түнде үлкендердің ілесуінсіз көшеде болған.
- Ата-аналарға қатысты ҚР Кодексінің 442-бабының екінші бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Бұл бірінші ескерту болды. Қайта ұсталса, 25 мың 844 теңге айыппұл салынады, - деп түсіндірді полицейлер.
Желілік полицейлер ата-аналарды балаларын қадағалап, түнде үйлерінен қараусыз қалдырмауға шақырады.