«Шаңырақтарыңыз биік болсын»: Асайын Байханов жерлестеріне ақ тілегін арнады

«Шаңырақтарыңыз биік болсын»: Асайын Байханов жерлестеріне ақ тілегін арнады
Иллюстрация: ЖИ

Өңір басшысы Отбасы күніне орай әр шаңыраққа татулық, амандық пен береке тіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жерлестерін Отбасы күнімен құттықтады. Ол адам бойындағы тәрбие, еңбекке және елге деген көзқарас ең алдымен отбасында қалыптасатынын атап өтті.

– Қымбатты жерлестер!

Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отбасы – әр адамның өміріндегі ең маңызды құндылық. Адамның мінезі, тәрбиесі, үлкенге құрметі, еңбекке және елге деген көзқарасы отбасынан қалыптасады. Шаңырақ – әрқашан бірлік пен берекенің белгісі. Отбасында ана – жылулық пен мейірімнің, әке – отбасының тірегі. Бізді бала кезімізден үлкенді сыйлауға, қыз баланы құрметтеуге, жақындарымызға жауапкершілікпен қарауға үйретті. Бұл – ата-бабамыздан келе жатқан жақсы дәстүр.

Сондықтан отбасымызды бағалап, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, үлкен мен кіші арасындағы байланысты сақтай білуіміз керек. Павлодар облысының әр шаңырағында тыныштық, татулық пен береке болсын! Балалар бақытты болып өссін, ата-аналар әрдайым қамқорлық пен қолдауды сезінсін. Әр отбасыға мықты денсаулық, амандық, бақыт пен береке тілеймін! Шаңырақтарыңыз биік, отбасыларыңыз әрдайым тату болсын! – деді Асайын Байханов.

Облыс әкімі отбасын бағалау, жақындарға қолдау көрсету және ұрпақтар арасындағы байланысты сақтау қоғам үшін маңызды құндылықтар екенін жеткізді.