Павлодарлықтарды көне дәуірмен танысуға шақыруда

Павлодарлықтарды көне дәуірмен танысуға шақыруда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шараға барлығы қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ertis» музейі Instagram-парақшасында мәлімдегендей, 6 ақпан күні сағат 11:00-де «Палеозой дәуірі» кинолекториясының көрсетілімі өтеді.  

Іс-шара қонақтары ежелгі флора және фаунаның қалыптасуы мен дамуы туралы біліп, Ертіс өңірінің аумағында табылған осы кезеңдегі экспонаттармен таныса алады.

Өтетін орны: Есенәлиев көшесі, 2.