Табиғатқа саяхат пен театр: Павлодарда жазғы лагерьлер ашылды

Табиғатқа саяхат пен театр: Павлодарда жазғы лагерьлер ашылды
Фото: Константин Шелков

Балалар үшін ауқымды бағдарлама жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 31 жалпы білім беретін мектебінде «Жаз - 2024» жазғы каникул кезеңінде оқушыларды демалыспен, бос уақытпен және жұмыспен қамту бойынша жұмыс жоспарына сәйкес лагерьлер жұмыс істей бастады. Ұзақтығы 15 күнге жалғасатын мектеп жанындағы лагерьлерге жалпы саны 15 мыңнан астам оқушы барады. Лагерьлер екі маусыммен өтеді: 3-21 маусым және 24 маусым-12 шілде аралығында. Оқушылар үш реттік тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Бір балаға жолдама құны – 14 160 теңгені немесе күніне 944 теңгені құрайды.  

Мысалы, қаланың экологиялық бағыттағы № 36 мектебінде 1-4-сыныптардың 200 оқушысына арналған «Эко планета-36»  және  60 оқушыны қамтитын 5-10- сыныптарға арналған «Арман экоқаласы» бейіндік лагері жұмыс істейді.   

Лагерьлердің ашылуында оқушылар ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, музыкалық флешмобқа, спорттық эстафеталарға қатысып, асфальтқа сурет салды. Мектеп асханасын жалға алушы, Айжан Макашева сыйлық ретінде балаларға балмұздақ таратты. 

Бірінші ауысымының балалары флора мен фаунаға байланысты атаулармен аталатын «Дельфиндер», «Пингвиндер», «Бақпақтар», «Апельсиндер», «Құрттар», «Тиіндер», «Жарық қоңыздар», «Табиғат достары» жасақтарға бөлінген.

– Жоғары сынып оқушылары үшін бейіндік жасақтар ұйымдастырылды. Бейіндік лагерь – бұл балалар экология әлеміне еніп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға болатын бірегей орын. Әр қатысушы өзінің әлеуетін ашып, табиғатты сүюді және оған қамқорлық жасауды үйрене алады, –  дейді мектеп басшының орынбасары Зоя Русакова. 

Балалар үшін лагерьде күн сайын қызықты іс-шаралар өтеді: театр қойылымдары, спорттық ойындар, шеберлік сағаттары, экскурсиялар, конкурстар мен викториналар. Лагерь бағдарламасында табиғатқа саяхат, ашық ауада жаттығу, экология және табиғатты қорғау сабақтары атты экологиялық іс-шаралар өтеді.