Танымал бизнес-тренер павлодарлық жастарға кеңес береді

Танымал бизнес-тренер павлодарлық жастарға кеңес береді
Фото ашық дереккөзден

Бұл шара қатысушыларға өзінің бизнес-идеясын іздеуге және таңдау әдістерімен танысуға көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

С.Торайғыров атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының креативті шығармашылық орталығының "Business Community" жобасы аясында іске асуда. Мұнда жастар халықаралық холдингтің HR-директоры, клиникалық психолог және бизнес-процестерді оңтайландыру саласындағы сарапшы, сондай-ақ "ProCreativ" қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы, soft skills бизнес – тренері Жанар Қапеновамен кездеседі. 

- "Workshop" форматындағы кездесу "Табысты бизнес-идеяны қалай табуға және таңдауға болады?» тақырыбында өтекізіледі. Бұл іс - шараның мақсаты қатысушыларға өз әлеуетін ашуға және перспективті бизнес-идеяны іздеу және таңдау әдістерімен танысуға көмектеседі, - делінген хабарламада.

Белсенді жастар алған білімдерін іс жүзінде қолдана отырып, өздерінің кәсіпкерлік бастамаларында табысқа жету мүмкіндігін жақсарта алады.

Тренинг 13 қыркүйек күні сағат 15:00- де өтеді.