Тереңкөл ауданында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтеді
Калиновка ауылында мәдениет үйі 1987 жылы салынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тереңкөл ауданы спорт бөлімінің басшысы Бақытжан Бектасованың айтуынша, соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілген.
– Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша ғимараттың сыртқы қаптау жұмыстары жүргізіледі, сайдинг пен жылытқыш салынады, ішінде толығымен электр сымдары ауыстырылады, – деді Бақытжан Бектасова.
Биыл екінші қабатта орналасқан кітапханада коммуникация орталығын салуға аудан бюджетінен қаражат бөлінген. Бұл жұмыстар төрт айда аяқталуы тиіс. Бүгінгі таңда 25 сәуірде басталған жұмыс қарқынды жүруде.
Алты үйірме жұмыс істейді, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кітапхананың жеке екі клубы бар.
Соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілген. Мердігер ұйым – «СтройКом-ПВ» ЖШС. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 118 млн теңге бөлінген.