Павлодарда «Құстар қалашығы» пайда болды
Жастар бастамаларын дамыту орталығында «ЭКО Volunteer» жобасына қолдау көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ЖБДО баспасөз қызметінің мәліметінше, үш буынның волонтерлері – балалар, жасөспірімдер және ересектер ондаған торғайларға арналған үяшық жасап, оларды орнату үшін бірікті. Акция «Замандас» ардагерлер клубы мен «Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымымен бірлесіп ұйымдастырылды.
– Біз Усолка шағын ауданында қыстайтын құстарға сенімді баспана болатын жиырмадан астам торғай үйшігін жасап, орнаттық. Акция қатысушылары табиғи ресурстарды сақтау және құстарды қорғаудың маңыздылығы туралы ақпарат алды. Іс-шара достық атмосферасында өтіп, экологиялық бастамаларға құмар жаңа волонтерлер қатарын толықтыра алдық, – дейді ұйымдастырушылар.
Олардың айтуынша, бұл іс-шара әр түрлі жастағы адамдарды біріктіріп, әрқайсысына табиғат пен қала экологиясына қамқорлық жасауда өз үлесін қосуға мүмкіндік бергені ерекше құнды болды. Акцияға қатысушылар жобаға қолдау көрсеткен депутаттар Гүлжайна Даримова мен Нұргүл Айғожинаға алғыстарын білдірді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram