Тереңкөл ауданының тұрғынынан тіркелмеген қарулар тәркіленді
Қару сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезеңінде Тереңкөл ауданының полицейлері бекітілген әкімшілік учаскелер бойынша, оның ішінде Ертіс өзенінің жайылмасында, аңшылық алқаптарының аумақтарында рейдтік іс-шаралар өткізді.
– Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарында тіркелмеген екі қаруды анықтады. Оның біреуі – тегіс ұңғылы қару, екіншісі – газ қаруы, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Берік Қапкенов.
Аталған факті бойынша құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабына сәйкес әкімшілік іс жүргізу басталды.