Тереңкөл ауданында мемлекеттік мәселелер бойынша семинар өтті
Эпидемиологтар басқарма қызметкерлеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Тереңкөл ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарына құқықтық жалпыға бірдей оқыту жоспарын орындау мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шара барысында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардың өтініштерін қарау, соның ішінде тіркеу және есепке алу, өтініштерді қарау және шешім қабылдау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, ҚР ӘРПК-нің нормалары және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу алгоритмі түсіндірілді.
Сонымен қатар, басқарма қызметкерлеріне есептік нысандарды толтыруда, рұқсат беру құжаттары бойынша ақпарат беруде, мемлекеттік қызметтер көрсету, өтініштерді қарау кезінде мерзімдерді сақтау бойынша ұсынымдар берілді.