Павлодардағы «матрёшкалар» сөзге қалды

Павлодардағы «матрёшкалар» сөзге қалды
Фото: Константин Шелков

Әлеуметтік желіде тұрғындар мүсіншелердің түріне шағымданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Әлеуметтік желіде Н. Назарбаев даңғылының бойында тұрған «матрёшкалардың» безендірілуі халықтың көңілінен шықпай, сөзге қалды. Тұрғындардың айтуынша, мүсіншелердің бұрынғы түрлері біршама әдемірек болған. 

– Мамандар мердігермен бірге оқиға орнына барды.  Қазіргі уақытта павлодарлық суретшімен келісім бар, материалдар сатып алынды,– дейді ТҮКШ бөлімі. 

Айта кету керек, мердігер 14 мамырдан бастап ақауларды жоюға кіріседі.