Туристердің қамы үшін: Баянауыл ұлттық паркіне кіру ақысы төмендейді
Автоматтандырылған жүйенің көмегімен кіріп-шығатын барлық көліктер назардан тыс қалмайтын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына кіру ақысы бекітілді. Ұлттық парктің директоры Аждар Жүсіповтің айтуынша, былтыр бақылау өткізу бекеті арқылы өту үшін төлемақы 645 теңгені құрады.
– Ендігі жылы жаяу жүргіншілер 250 теңгеден төлейді. Төрт бақылау-өткізу бекеті автоматтандырылды. Қызметкерлер екі монитор арқылы кіретін және шығатын көліктерді бақылайды. Біріншісінде шлагбаум алдында тұрған төрт көлік көрінеді. Ал екінші мониторда көліктердің мемлекеттік нөмірлері көрсетіліп, жүйеге ақысы енгізіледі, – деді Аждар Жүсіпов.
Өткізу бекеттерінде екінші деңгейлі банктердің төлем қызметіне қосылған. Яғни, туристер төлемді терминал арқылы да, банктік аударыммен де жасауға болады.
– Енгізілетін шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға, сондай-ақ төлем процесін автоматтандыруға және қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалануды тиімді бақылауға бағытталған, – деп сеніммен айтады Аждар Жүсіпов.
2024 жылы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін келесідей төлемақы бекітілген:
• жаяу жүргінші – 0,1 АЕК (369 теңге);
• мотоцикл, мопед, квадроцикл үшін – 0,2 АЕК (738 теңге);
• жеңіл автокөлік – 0,3 АЕК (1 108 теңге);
• орын саны 16-ға дейінгі дейінгі шағын автобус пен жүк көлігі – 1 АЕК (3 692 теңге);
• сыйымдылығы 32 орынға дейінгі автобустар – 2 АЕК (7 384 теңге);
• орын саны 32-ден асатын автобус – 3 АЕК (11 076 теңге).