Успен аудандық кәсіпорны өндірістік табысы үшін марапатқа ие болды
Астанада «Парыз» байқауының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Галицкое ауылындағы «Галицкое» ЖШС Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген бәсекелестерін басып озып, «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымында жеңімпаз атанды. Серіктестіктің негізгі қызметі – мал шаруашылығы, дәнді, бұршақ және майлы дақылдарды өсіру, сондай-ақ құрама жем өндіру.
Диплом мен сыйлық мүсіншелерінен басқа, жеңімпаз үш жыл бойы жарнамалық мақсатта өз логотипін пайдалану мүмкіндігіне ие болады.
Кәсіпорын басшылығы туған ауылында көптеген жобаларға демеушілік жасайды. Оның ішінде көмір қазандығына көмектесу, ауыл жолдарын өз қаражатына асфальттау, көшелерді жарықтандыру және «Жастар» спорт кешенін салу сияқты игі істерді атап өткен жөн.