Успен ауданында экоакция қолдау тапты
Су қоймасының жағалау аймағы қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Успен ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында «Мөлдір бұлақ» апталығы өтті.
Экологиялық шараға еріктілер, жастар және аудан тұрғындары белсене қатысып, полиэтилен қапшықтар, шыны және басқа да қоқыстарды жинап, су қоймасының жағалау аймағын тазартты.
– Тазалықты қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау – барша адамзаттың басты міндеті. Ал жастардың қоршаған ортаға деген құрмет – болашақ ұрпаққа үлгі, – деп түсіндірді Успен ауданының ішкі саясат бөлімінде.
Бұл экоакцияның басты мақсаты – халық арасында экологиялық түсінікті қалыптастыру мен дамыту болып табылады.