Успен ауданында төрт көшеге асфальт төселді
Жол құрылысы Қозыкеткен ауылында жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Успен ауданы әкімдігінің мәлімдеуінше, жұмыстар Абай, Торайғыров, Ж.Жабаев, Победа көшелерінде жүргізілді.
- Төрт көшеден бөлек, ауылға кіреберіс жолдағы асфальттау жұмыстары да аяқталды. Сапаны бақылауды ұлттық жол активтері сапасы орталығының мамандары жүргізді. Шығу кезінде жол-құрылыс материалының 16 сынамасы алынды, - делінген хабарламада.
Сараптамаға алынған 2 қиыршық тас материалының 1-і түйіршіктелген құрамға сәйкес келмеген. Ал асфальттың барлық 6 сынамасы сапалық көрсеткіштер бойынша нормаларға сәйкес келген.
- Бұған дейін ауылдың кіреберіс жолында ескі асфальт төсемі болған. Ал Қозыкеткен ауылының көшелері топырақ жамылғысымен жабылған еді, - деп толықтырды әкімдік.
Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 6 шақырым болатын Вознесенка, Дмитревка, Ковалевка және Тимирязево ауылдарына кірме жолдарды жөндеу жұмыстары басталды.
Сондай-ақ, осы маусымда Успені ауылының Энергетиктер, Строительная көшесі, Ковалевка ауылының Абай, Мира көшесі, КТФ кірме жолы және Новопокровка ауылының кентішілік көшелерін асфальттау жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
Жолдарды жөндеу бойынша жүргізілетін жұмыстардың сапасын сапа орталығының мамандары қатаң бақылауда.