Успендік шаруа басшысы басқа қожалықтан 10 жылдан бері қайтара алмаған ақшасын алды

Успендік шаруа басшысы басқа қожалықтан 10 жылдан бері қайтара алмаған ақшасын алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Прокурорлар инвесторға көпжылдық берешекті өндіріп алуға көмектесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Успен ауданының прокуратурасына КХ «Бик» сот шешімімен өндіріп алынуға тиіс 18 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынның өтелмеуіне байланысты жүгінді. 2012 жылы оның алқаптарын басқа шаруа қожалығының малдары таптап тастап, үлкен шығын әкелді. Алайда сот шешімі сол уақыттан бері орындалмай, созылып кетті. 

Прокуратура шаруа қожалығы басшысының уәждерін зерделеп, сот актісінің орындалмауына байланысты Қылмыстық кодекстің 430-бабының 3-бөлігі бойынша істі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі ақпараттық жүйесінде тіркеді. 

– Бұл қаржы сүт фермасын салу жөніндегі инвестициялық жоба аясында ірі қара мал сатып алу үшін қажет болған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берешек толық өтеліп, фермер инвестициялық жобасын жалғастырып, 20 жұмыс орнын ашты, – деді облыстық прокуратураның баспасөз қызметінде.

Бұл ауданның аграрлық секторын дамытуға және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға елеулі үлес қосады.