Жұма күні Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады

Жұма күні Павлодар облысында күн күркіреп, жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Түнде солтүстікте, күндіз облыстың көп бөлігінде жаңбыр мен  бұршақ жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, күн күркірейді. Батыстан соққан жел 9-14, найзағай  кезінде 18 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 11-16, күндіз 21-26 ыстық болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлттылық болады, таңертең және түстен кейін жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Батыстан соққан жел 9-14, найзағай кезінде 18 м/с дейін жетеді. 

Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 24-26 ыстық болады.