5 наурызда Павлодар облысында боран соғады

5 наурызда Павлодар облысында боран соғады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

 Желдің жылдамдығы облыстың солтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Сынап бағанасы түнде -7...-12 °C, ал күндіз -2...-7 °C-ты көрсетеді.

Павлодарда күн бұлтты болады. Ауа температурасы түнде -10...-12 °C, ал күндіз -4...-6 °C суық болады.