«World clean up day»: Павлодарда дүниежүзілік тазалық акциясы ұйымдастырылды
Аталмыш іс-шараны ТҮКШ басқармасы арнайы техникамен қамтамасыз етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, Павлодар облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен Усол шағын ауданында сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық күніне жер қойнауын пайдалану басқармасы, орман инспекциясы, Торайғыров университеттің студенттері, сондай-ақ бірінші санатты кәсіпорын қызметкерлері мен еріктілер қатысты. Жалпы 250 адам Усол шағын ауданында 500 тоннаға жуық қоқысты жинады.
– Аталмыш акцияның басты міндеті аумақтарды қоқыстан тазарту жөніндегі іс-шаралар кешенін бірлесіп ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының халқын біріктіру болып табылады, – дейді Павлодар облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторының бас маманы Сабина Мұхаметқалым.
Оның айтуынша, акция табиғатқа, қоршаған әлемге саналы, ұқыпты қарауды қалыптастыру арқылы экологиялық мәдениетті тәрбиелеуге бағытталған.
Акцияның міндеттері:
- аумақты табиғи және тұрмыстық қоқыстардан тазарту;
- құлаған ағаштардың үйінділерін талдау;
- халықтың бойында экологиялық мінез-құлық, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру;
- акцияға қатысушылармен достастық атмосферасын құру.
Дүниежүзілік тазалық күні дәстүр бойынша күздің бірінші айының үшінші сенбісінде өтеді. Биыл бұл акция көптеген елдерде өтеді. «World clean up day» акциясы түрлі экоидтарды іске асыруға ынталандырады. Бұл акцияға бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдар қоғамдық, табиғатты қорғау орындарын қоқыстан тазарту үшін қатысады.
Экологиялық акцияларға қатысу нәтижесінде қатысушылар қоршаған әлемді тануға қызығушылық, табиғи ортаны қорғауға және сақтауға қызығушылық, экологиялық проблемаларды және оларды тудыратын себептерді түсіну, экологиялық мәдениет пен салауатты өмір салтын насихаттау, аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға қызығушылық сияқты жеке қасиеттер дамытады.
Акцияға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, ҮЕҰ мен облыстың өкілдері қатысады.
Сондай-ақ, кез-келген адам акцияға жеке, отбасымен, достарымен қосыла алады.