«Заң мен тәртіп»: Екібастұзда оқушылар құқық қорғау органдарының жұмысымен танысты
«Жас сақшы» сыныбының оқушыларына арнайы экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Балаларды Екібастұз қаласының полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов қарсы алып, полиция қызметкерлерінің жұмысы туралы айтып, құқық қорғау органдары қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.
Оқушылар оперативтік басқару орталығының жұмысына ерекше қызығушылық тудырды. Мұнда оларға бейнебақылау камералары көрсетіліп, олардың көмегімен полицейлер қоғамдық тәртіпті қалай қадағалайтыны, оқиғаларға жедел әрекет етіп, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ететіні түсіндірілді.
Полиция мұражайына экскурсия да танымды өтті. Ішкі істер органдары ардагерлері кеңесінің төрайымы Бибігүл Исаева оқушыларды құқық қорғау қызметінің тарихымен, сала ардагерлерімен және ішкі істер органдарының дәстүрлерімен таныстырды.
Мектеп оқушылары криминалистикалық қызмет мамандарымен кездесуге де ерекше қызығушылық танытты. Мамандар оқиға орнын тексеру, айғақтарды жинау және қылмыстарды ашу кезінде қолданылатын заманауи құрал-жабдықтарды көрсетті.
Одан кейін «Жас сақшы» сыныбының оқушылары СОБР қызметкерлерінің жұмысымен танысты. Полицейлер өз қызметтері туралы айтып, арнайы қару-жарақтарды көрсетті. Оқушылар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, оқу автоматын бөлшектеп, қайта жинап көруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ оларға жедел-тергеу тобының қызметтік автокөлігі көрсетілді.
Экскурсия жас сақшылар үшін тәртіп сақшыларының қызметімен танысудың қызықты мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға деген құрметті арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын саналы түрде түсінуге жасалған маңызды қадам болды.