Жұма күні Павлодар облысында қалың тұман түсіп, аяз күшейеді
«Қазгидромет» РМК дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 10 ақпанда түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында, облыс орталығында тұман күтіледі.
Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді.
Оңтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші секундына 5-10 метрді құрайды.
Түнде -26...-28, күндіз -16..-18 градус аяз болады.