Жағалауда отшашу көргісі келетін павлодарлықтар үшін автобустар түнге дейін жүреді

Екі көше бойымен қатынайтын автобус маршруттарының жұмыс кестесі ұзартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, мерекелік отшашу ұйымдастырылуына байланысты және халыққа көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Ак.Сәтбаев және Астана көшелерімен өтетін автобус маршруттарының жұмыс уақыты ұлғайтылады.
Яғни, Ак.Сәтбаев және Астана көшелері арқылы өтетін автобустар сағат 00:00-ге дейін жүреді.