Жаңбыр мен тұман: Павлодар облысында 12 қазанда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр мен тұман: Павлодар облысында 12 қазанда ауа райы қандай болады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, түнде облыс бойынша ауа температурасы 0...+5°C болады. Облыстың шығысында ауа температурасы    -3°C-қа дейін төмендейді. Жауын-шашын күтілмейді. Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.

Күндіз сынап бағаны +12...+17°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +1...+3°C болады. Аспанды ала бұлт торлап, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +11...+16°C-қа дейін жетеді. Аспан ала бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды.