Павлодар облысында 5 мыңнан астам жұмысшы сақтандырылмаған
Олар медициналық қызметті тегін ала алмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша өткен жиында 14 кәсіпорында медициналық сақтандыру жүйесінде жоқ жұмысшылар әлі де бар екенін хабарлады. Жалпы облыс бойынша 5520 сақтандырылмаған жұмысшы есепке алынды. Бұл медициналық қызмет алуға мәселелерге әкеледі.
Медициналық сақтандыруы жоқ жұмыскерлері бар кәсіпорындардың ішінде облыстағы ірі ұйымдар кірді: «ERG Service» ЖШС-та – 478 медициналық сақтандырылмаған жұмыскер, «KSP Steel» ЖШС – 432, «Қазақстан алюминийі» АҚ – 775, «АТП Инвест» ЖШС Павлодар филиалы – 306, Ұлттық статистика бюросының департаменті – 15 адам, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «Павлодар» МКҚК – 288, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ – 209, ал «Рубиком» ЖШС – 274, «Атриум» ЖШС – 224.
– Бұл жалданушы жұмысшылар. Жұмыс беруші оларға үстемеақы жасауға міндетті. Егер бұл азаматтардың жарналарында кемінде бір ай үзіліс болса, медициналық сақтандыру мәртебесі жойылады. Демек, адамдар міндетті медициналық сақтандыру аясында медициналық көмек ала алмайды, – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиал директорының орынбасары Әсел Оқапова.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов барлық қызметкерлердің медициналық жағдайын жедел түрде шығаруды тапсырды.