30 қарашада Павлодар облысында бұлтты болады
Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен еліміздің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.
Облыста ауа температурасы күндіз -13..-14, түнде -14-..16 градус көрсетеді.
Павлодар қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Шығыстан жел соғады, күші секундына 3-8 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде -15...-17, күндіз -5...-7 болады.