Жан-тәнімен сүю: Неліктен павлодарлық ұстаздар психологияға жақын болу қажет?

Жан-тәнімен сүю: Неліктен павлодарлық ұстаздар психологияға жақын болу қажет?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Болашақ мұғалімдер жергілікті университетте психология бойынша арнайы білім беру бағдарламасы бойынша оқытылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Педагог пен оқушы арасындағы байланысты орнату үшін білім беру саласына өз үлесін қосып, жұмыс істегісі келетін ұстаздар әмбебап маманға айналатынына бірден дайын болу қажет. 

Педагогикалық салаға келген адам, жан-тәнімен өз мектебін, оқушыларын жақсы көру керек. Оқушылармен тығыз байланыс орнатқан мұғалімге жұмыс істеу жеңіл болады. Оқушылар жалған және жасандылықты бірден танып, сезіп қояды. Сондықтан балаларды жан-тәнімен сүйген адамға сынып жетекшілік те жүк ретінде көрінбей, оңай беріледі, – деді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Баширова. 

Оның пікірінше, педагогтің бойында біліктіліктен бөлек, психолгиялық тұрғыдан түсінігі болу қажет. 

Университет бітірген түлектердің дипломдарында психологиядан бағдарламаны аяқтады деп жазылып тұрады. Әр мұғалімді психолог деп айтуға болады, өйткені ол балалардың жанымен жұмыс істейді, – деді Гүлмира Баширова. 

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Анара Кәрімованың сөзінше, финдік және Назарбаев университеттерімен бірлесіп, пилоттық жоба қарастырылды. Оның аясында республикалық ауқымдағы бағдарлама екі жыл сынақтан өтті. Ол педагогикалық білім беруді қайта форматтауға бағытталған. 

– Төрт жылдық бакалавриаттарда 240 кредиттің ішіндегі 60 кредиті психология педагогикалық форматқа бағытталған, – деді Анара Кәрімова.– Балалардың эмоционалды фоны әртүрлі, сондықтан да біз білім беру бағдарламаларын мектептердің оқу жоспарларымен үйлестіруге тырысамыз.

Еске сала кетейік, өңірде мұғалімдердің орташа жалақысы 500-600 мың теңге шамасында. 20 мыңнан астам ұстаз павлодарлық оқушыларға білім беруде.