Павлодар әкімі дарынды балаларға 100 мың теңгелік сертификаттар табыс етті

Павлодар әкімі дарынды балаларға 100 мың теңгелік сертификаттар табыс етті

Қала әкімі Ержан Иманзайыпов № 34 мектепте жалпы білім беретін мектептердің дарынды оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, шараға 8-11-сыныптардың 40 оқушысы – жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, облыстық олимпиадалардың, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалары байқауының және республикалық шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері  қатысты.

– Өскелең ұрпақ – Қазақстанның болашағы. Жолдарыңыз әрқашан ашық болсын және әрдайым  өз елінің патриоты болып қалуды тілеймін, – деді Ержан Иманзайыпов.

Марапаттау рәсімінде оқушыларға Павлодар қаласы әкімінің құттықтауы мен 100 мың теңге сомасында ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Кездесугее республикалық пәндік олимпиадада орыс тілінен алтын медаль алған № 35 мектептің 10-сынып оқушысы Сабина Жүнісова, география пәнінен күміс медаль иегерлері –  № 39 мектептің 8-сынып оқушысы Вячеслав Соколов, биология пәнінен № 40 мектептің 10-сынып оқушысы Максим Комаров, орыс тілі мен әдебиеті бойынша қола медаль иегері –  № 29 мектептің 11-сынып оқушысы Анастасия Кузнецова және басқа да дарынды жас өрендер қатысты.

Айта кетерлігі, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің олимпиадалық командасы жыл сайын Павлодар облысы қалалары арасында «Үздік олимпиадалық команда» атағын алады. Балалар 54 медаль, оның ішінде 13 алтын, 13 күміс және 28 қола медаль жеңіп алды.