Павлодар облысында спорт саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне талдау басталды
Талдау ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан 2024 жылдың 26 қаңтарына дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының, сондай-ақ оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселесі бойынша қызметіндегі жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды іске қосты.
– Сонымен қатар, тиісті құзыреті бар және талданатын саланың қызметіне бағдарланған өңірдің бей-жай қарамайтын тұрғындары ақпарат беру арқылы өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізе алады, – деп жазылған хабарламада.
Кері байланыс үшін 87478287994 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі немесе Павлодар қаласы, Қамзин көшесі, 37, «Antikor Ortalygy» фронт-офисі мекенжайы бойынша хабарласуға болады.