«Жаңа қойылым»: Павлодарлық театрға Лондоннан ең үздік режиссер шақырылды

«Жаңа қойылым»: Павлодарлық театрға Лондоннан ең үздік режиссер шақырылды
Фото: Константин Шелков

Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрына танымал режиссерлердің бірі Овлякули Ходжакули келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Режиссер Георгий Товстоногов және Михаил Туманишвилидің шығармашылық зертханаларында тәжірибеден өтіп, сондай-ақ ағылшын режиссері Питер Бруктың шеберлік сағатына қатысқан. Лондонда тәуелсіз режиссер болып, жұмыс істейді. Ол Алматы қаласындағы Бәйтен Омаров атындағы «Жас сахна» театрында «Жених и невеста», У. Шекспир және Бертольд Брехтің шығармалары бойынша бірнеше спектакль, І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Үрей. ІІІ Империя» қойылымын қойды.

– Премьераға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жаңа қойылымға бірлесіп жұмыс істеуге театр басшысы Арман Темірбекұлы мен көркемдік жетекші Әділет Ақанов Лондоннан режиссерді арнайы шақыртты. Бүгіннен бастап кәсіби маман өз жұмысын бастап кетті, – дейді әдеби-драма бөлімінің меңгерушісі Аружан Оразова.

Ол 90-нан астам спектакль қойды: У. Шекспир, О. Уайлд, К. Абэ, Т. Манна, Дж. Синг, Т. Зульфикаров, Харша, Дж. Байрон, П. Мериме, Ю. Мисима, Еврипида, Г. Лорки, Тикомацу, А. Навои, Софокл, Сенеки, Г. Э. Лессинг, Эдуардо де Филиппо, Дарио Фо және Франке Раме, К. Гольдони, Виктор Росгадо.

Сондай-ақ, төрт фильм түсірді: Софокл мен Сенека бойынша «Эдип» көркем фильмі және Игорь Савицкий туралы халықаралық деректі фильмдер, қазіргі заманғы музыка фестивальдері «Ильхом ХХ», қоршаған ортаны қорғау туралы «табиғатты тану» әлеуметтік фильмі.

Спектакльдер: «Құмдағы әйел» К. Абэ, «Джозеф және оның ағалары» Т. Манн, «Король Лир» У. Шекспир, «Саломея» О. Уайлд, «Ғашықтардың өзін-өзі өлтіруі» М. Тикамацу, «Каин мен Авель» Дж.Байрон мен К. Донготаров, «Раксу Съамо» А. Навои, «Медея» Еврипид, «Гамлет» У. Шекспир. Ол Ашхабад, Ташкент, Бішкек, Львов, Киев, Мәскеу (Халықаралық театр олимпиадасы), Ереван, сондай-ақ Түркия, Хорватия, Румыния, Польша, Германия, Финляндия, Италия, Швейцария, Люксембург, Франция, Үндістан, Жапония және Оңтүстік Корея  сияқты көптеген елдерде өткен халықаралық театр фестивальдерінде марапаттарға ие болды. 

Жаңа қойылымның мазмұны Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған. 36-шы маусымда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында Бертольд Брехттің мектебі бойынша қойылатын жаңа премьера күтілуде. Басты рөлдерде театр негізін қалаған актрисалардың бірі – Рауза Тәжібаева. 

Айта кетейік, театр ұжымы спектакль туралы қосымша хабарлайтын болады.