Жаңбырлы түн: «Ертіс» астаналық футболшыларды қабылдайды

Жаңбырлы түн: «Ертіс» астаналық футболшыларды қабылдайды
Фото: «Ертіс» ФК

Бірінші лиганың он бірінші турында павлодарлықтар «SD Family» командасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертістің» қарсыласы Қазақстан футболының алпауыттарының бірінен саналмайды. Дидар Сыдықбектің жеке жобасы әлі бұл рөлге үміткер емес, тіпті Премьер-лигаға шығу үшін де күресіп жатқан жоқ. Дегенмен, астаналықтар сюрприз жасауға қауқарлы. «SD Family» турнир кестесінде екібастұздықтардан үш ұпай алға озып оныншы орында келеді.

Десе де, бұл матчта «Ертіс» ақын фаворит. Оның үстіне павлодарлықтар құрамын айтарлықтай күшейтіп жатыр. Арман Кеңесовтің туған жерге оралуының өзі командаға жаңа серпін бермей қоймайды. Оған қоса, орталық шепті «Тұран» ойыншысы Әбинұр Нұрымбет күшейтетіні анық. «Тараздан» қорғаушы Темірлан Төребек келді.

Павлодарлықтар жаңа ойыншыларды алдағы ойында көре алады – Қазақстанда трансферлік терезе 25 маусымда ашылды.

«Ертіс» – «SD Family» матчы 27 маусым күні сағат 19:00-де басталады. Кіруі тегін.