Павлодарда білім саласының үздік басшылары марапатталды
Дәстүрлі тамыз кеңесінде қаладағы білім беру мекемелері басшылырының арасында өткен байқаулардың жеңімпаздары аталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
А. Байтұрсынұлы атындағы мектепте «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз республикалық кеңесі шеңберінде білім беру мекемелері басшыларының қорытынды тамыз кеңесі өтті.
– Біз пікір алмасу және болашаққа жұмыс жоспарын құру үшін білім беру мекемелері басшыларының қорытынды кеңесіне қатысып отырмыз. Баршаңызды аталмыш кеңесте көргеніме қуаныштымын, – деді Павлодар қаласы білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.
Кеңес барысында Павлодар қаласының білім беру мекемелері басшылырының арасында өткен байқаулардың жеңімпаздары мен түрлі аталымдар бойынша марапаттау рәсімі өтті.
«Жаз - 2023» аталымы бойынша «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының басшысы – Гүлнар Үйсінбаева, № 39 мектептің директоры Зәуреш Ахмадова, № 35 мектептің директоры Гаухар Бектемірова марапатталды.
Оқу-тәжірибелік учаскелердің маңыздылығын арттыру және аумақтарды абаттандыру жұмыстарын жетілдіру мақсатында қалалық «Жасыл желек» байқауы ұйымдастырылды. Бұл байқауда 3-орынды және 200 мың теңгелік сыйақыны №17 мектеп директоры Роза Досанова алды. Ал 2-орынды және 350 мың теңгелік сыйақыны А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп директоры Татьяна Мигунова иеленсе, бірінші орынды және 350 мың теңгені Аманжол Шәмкенов атындағы мектептің директоры Ирина Тургульдинова иеленді. Байқаудың гран-при жүлдесі және 500 мың теңгелік сыйақы Мұзафар Әлімбаев атындағы мектеп директорының міндетін атқарушы Гаухар Бекмурзиноваға бұйырды.
Дәл осы байқау бойынша мектепке дейінгі мекемелердің басшыларды да марапатталды. № 72 сәбилер бақшасының басшысы Салтанат Жакенова үздік үштікке ілініп, 200 мың теңгені алды. Екінші орынды және 350 мың теңгелік сыйақыны № 19 сәбилер бақшасының басшысы Еркегүл Шайманова алды. Үздік атанып, жарты миллиондық сыйақыға №40 сәбилер бақшасының басшысы Галина Юнаш ие болды.
«Оқуға құшатар мектеп» номинациясы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы мектеп директоры Гүлнәр Топанова мен №25 мектеп директорының міндетін атқарушы Гүлзат Ахметжанова марапатталды.
«Мектептің үздік әдістемелік қызметі» аталымымен Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің директоры Ләйлә Жүсіпова, Ахмет Байтұрсын мектебінің директоры Татьяна Мигунова, «Балабақшаның үздік әдістемелік қызметі» номинациясымен №49 санаторлық сәбилер бақшасының басшысы Жанат Смагулова мен №8 сәбилер бақшасының басшысы Маржангүл Жетпіс марапатталды.
Сонымен қатар, Бауыржан Момышұлы атындағы мектебінің директоры Майра Мамбетова мен Жетекші мектебінің директоры Дәрмен Мұратов «Сапалы білім беретін мектеп» аталымдарына ие болды.
Еске сала кетейік, жақында облыс әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен «Техникалық және білім беру» атты облыстық тамыз кеңесі өткізілді. Бұл кеңеске білім ошақтарының басшылары, кәсіпкерлер, табысты студенттер, Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері қатысты.