Железин ауданында санитарлық көлікке деген қажеттілік мәселесі жабылды

Железин ауданында санитарлық көлікке деген қажеттілік мәселесі жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Медициналық ұйымдар санитарлық көлікпен толықтай жабдықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Железин ауданында облыс басшылығының қолдауымен денсаулық сақтау саласындағы өмірлік маңызы бар нысандарды жаңғырту жүргізілуде.

– Аудандық ауруханада күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ облыстық бюджеттен 23 медициналық құрал-жабдық сатып алынды және аурухананың автопаркі төрт санитарлық автокөлікпен толықты, – деді Железин ауданының әкімі Айтуған Шайхимов.

Оның сөзінше, өткен жылы да төрт автокөлік сатып алынды. Осылайша Железин ауданында санитарлық автокөлікке деген қажеттілік жабылды. 

– Бүгінгі таңда дәрігерлердің тапшылығы әлі бар. Ауданның бас дәрігері Абай, Қарағанды, Алматы, Астанадағы бос орындар жәрмеңкелеріне барып жүреді. Мысалы, биыл бізге 4 дәрігер мен 8 орта медициналық персонал келді. Сондықтан бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр, – деді ол.

Еске сала кетейік, биыл Железин ауданында заманауи технологияларды қолдану арқылы рекордтық өнім жиналды.