Павлодар облысында көмірді терең өңдейтін кешен салынбақ
Осылайша, өңірде 350 жаңа жұмыс орны пайда болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Асайын Байханов өзбекстандық Kaoling Torg компаниясының басшылығымен кездесті
Тараптар Жамантұз кен орнынан көмір өндіру және оны терең өңдеу арқылы гуминді тыңайтқыштар өндіру жобасын іске асыру мәселелерін талқылады.
Компания басшысы Кахрамон Тошпулатов толық циклді өнеркәсіптік кешен құру жобасын таныстырды. Инвестиция көлемі 65 теңгеге бағаланып отыр және 350 шамасында жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Өңір басшысы бастаманың, әсіресе көмір химиясын дамыту және көмірді терең өңдеу бағытындағы мүмкіндіктерін атап өтті.
- Жалпы, бұл жоба біз үшін қызықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көмірдің стратегиялық активіміз екенін және оның қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып, тиімді пайдалану қажеттігін атап өткен болатын. Органикалық тыңайтқыштар өндірісіне ерекше көңіл бөліп, оларды өңіріміздің ауыл шаруашылығында қолдану мүмкіндіктерін зерделеу қажет, - деді облыс әкімі.
Салалық басқармаға инвестормен жұмысты жалғастырып, жобаға қажетті қолдау көрсету тапсырылды.