Железин ауданында қазақ тілінен тегін оқыту курстары бастау алды
Оқыту екі форматта жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі қазақ тілін үйрену бойынша топтарға қабылдау басталғанын хабарлайды.
– 18-ден 60 жасқа дейінгі барлық ниет білдірушілерді қазақ тілін оқыту курстары мен семинарларына шақырамыз. Бағдарлама тілдік дағдыларды жан-жақты дамытуға арналған және қатысушылардың ыңғайлылығы үшін бейімделген, – делінген хабарламада.
Оқу форматы онлайн ZOOM және WhatsApp платформалары арқылы және оффлайн түрде өтеді.
Курстарға жазылу үшін 8 (71831) 2-23-76 телефонына хабарласуға болады.