Железиндік шаңғышылар Қазақстан чемпионаты мен гимназиядада 14 медаль жеңіп алған
Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Железиндегі «Арман» спорт кешенінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Амангелді Болатов «Арман» спорт кешені 2019 жылы ашылғанын атап өтті. Кешенде толық көлемдегі футол алаңы, 1 шақырымдық шаңғыроллер жолағы, 4 жүгіру жолағы, воркаут және шағын футбол алаңы, балалар ойын алаңы бар.
Шаңғы үйірмесінде үлкен 4 топ бар. қатысушылар жоғары нәтижелер көрсетуде. Биыл Қазақстан чемпионаты мен гимназиядасында железиндік жасөспірімдер облыс қоржынына 14 медаль салған. Облысымыз барлығы 26 медаль еншілеген.
- Бұнда Вадим Козлов деген бала бар. Ол Қазақстан чемпионаттарында өткен жылы жазда 2 алтын медаль алса, биыл қыста тағы 2 алтын алды. Одан бөлек, 3 қоласы бар. Адема Айшимова деген қызымыз гимназияданың алтынына ие болды. Влад Мулер үшінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атағын қорғады, - деді Амангелді Болатов.
Асайын Байханов жасөспірімдердің бұндай жетістіктерінде жаттықтырушылардың еңбегі зор екенін атап өтті.
Айта кетейік, «Арман» спорт кешенінде 9 бөлмелі қонақ үй бар. 58 жатар орынмен қамтылған.