Жетекші ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталуға жақын (ВИДЕО)

Жетекші ауылында сумен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталуға жақын (ВИДЕО)

Ол 2020 жылы басталған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов Жетекші ауылында есеп беру кездесуі кезінде сөз болды.

- Тұрғындарды ауыл ішіндегі жолдар мен сумен жабдықтау мәселелері толғандырады. Биыл Жетекші ауылында ұзындығы 6,25 км жолды жөндеу жоспарланған. Бұдан кейін жөнделген жолдардың көрсеткіші 70,8%-ға жетеді, -деп жазды қала әкімі өзінің Instagram парақшасында.

2020 жылы басталған ауылда сумен жабдықтау желілерінің құрылысы да аяқталуға жақын. Бүгінде жұмыстың негізгі бөлігі орындалған. Оны шілде айында аяқтау жоспарлануда. 

Ержан Иманзайыпов осы жұмысты құрылыс бөліміне және Жетекші әкіміне қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Бұдан бөлек, Теміржолшылар кентінде Кленовая көшесінен Гүлзар көшесіне дейінгі жол бөлігіне қиыршық тас төселуде.

- Өткен кездесуде тұрғындар Теміржолшылар шағын ауданындағы аялдамаларда «Жаяу жүргіншілер өткелі» жол белгілерін және жасанды жол кедергілерін орнату туралы мәселені көтерді. Бүгінгі таңда №10 және 40 автобус бағыттары бойынша алты ЖЖК орнатылды. Алмалы, 40 және Степная, 98/1 көшелерінде тағы екі жасанды жол кедергісі пайда болды, - деді қала әкімі.

Алдағы уақытта «Надежда» саяжайы аялдамасының қасында жаяу жүргіншілер өткелі жасалмақ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @yerzhan_imanzaipov