Жүргізуші куәлігі болмаса да мас күйінде көлік тізгініне отырған ақсулық ұсталды
Жүргізушінің ішімдік ішкені медициналық куәландырумен растады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Атамекен — Курчатов автожолындағы рейд кезінде патрульдік полиция қызметкерлері көлік жүргізу тәсілі күдікті болып көрінген жүргізушіні тоқтатты.
- Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің жүргізуші куәлігі мүлдем жоқ екені анықталды. Сонымен қатар, одан алкогольдің өткір иісі шығып тұрды. Әрі оның медициналық куәландырумен мас екені расталды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның көлігі мамандандырылған тұраққа қойылды, - деді Ақсу қаласының полиция бөлімі бастығының орынбасары Максим Құстанов.
Полицейлер жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеу заңның өрескел бұзылуы екенін атап өтті.